RU

Коронавирус жұқтырған 14 адам Нұр-Сұлтанға қайдан келген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордадағы вирус жұқтырған 14 адамға қатысты мәселенің мән-жайын баяндады – олардың кейбірі Италиядан және Еуропадан ұшып келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Денсаулық сақтау басқармасы ауру жұқтырған 14 адамның барлығы қазақстандық екенін мәлімдеді.

Бес адамның инфекция жұқтырғаны ауруханада анықталды – олар карантинде жатқан.

Сынамалары оң нәтиже көрсеткенімен, дене қызулары мен жөтелдері болмаған.

Бір науқас ЖРВИ белгілерімен ауруханада жатқан. Дәрігерлер оның сынамаларын тексеруге жіберген, коронавирус расталған. Оның хәлі орташа-ауыр деп бағалануда.

Тағы төрт адам Италия мен Кореядан ұшып келгендіктен карантинде болған. Олар ұшақтан бірден ауруханаға жеткізіліп, инфекция анықталған.

Вирусқа шалдыққандармен байланыста болған және бұрын ауруханада карантинге жатқызуы талап етілмейтін елдерден келген тағы тоғыз қазақстандық Нұр-Сұлтан ауруханасына жеткізілді.

Жақын арада Нұр-Сұлтанда стационарға жатқызылатын адамдар санының өсу мүмкіндігі хабарланды. Себебі, қазір инфекцияны жұқтырған 14 адаммен байланысқа түскен тұлғаларды іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 32-ге жетті. Олардың 15-і Алматыда тіркелсе, 17-і Нұр-Сұлтанда тіркелген.

Ал әлем бойынша, вирусты 180 мыңнан астам адам жұқтырған. Оның 7,1 мыңы инфекциядан көз жұмған. Ал 79 883 адам коронавирустан айығып шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус жұқтырған 14 адам Нұр-Сұлтанға қайдан келген
Mailfire view pixel