RU

Алматыға кіреберістерге 27 бекет қойылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарына ресми мәлімдеме жасады. Ол қаладағы коронавирус жағдайына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыға кіретін жолға 27 блогпост қойылады

Көрнекі фото: pixabay.com

Қала басшысының айтуынша, Алматы аумағы бойынша қатаң бақылау және қала ішінде қатаң шектеулер енгізіледі. Мегаполиске кіреберістерде 27 бақылау-өткізу пункті қойылады.

Балабақшалардың, азық-түлік сатпайтын базарлардың, ірі сауда орталықтарының жұмысы тоқтатылатын болады. Қала тұрғындары тек азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді сатып ала алады.

Сондай-ақ, осы кезеңде эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар өткізіледі, сондай-ақ қала тұрғындарына ешқайда шықпауға кеңес берілді. Қала аумағында көшелер мен тротуарлар дезинфекцияланады.

Карантин кезеңінде Алматыға кіруге және қаладан шығуға шектеу қойылады. Жағдайды бақылау үшін патрульдік полиция, сондай-ақ СОБР қызметкерлері бақылайтын 27 бақылау-өткізу пункті жұмыс істейді.

Сонымен қатар "жасыл" дәліз ұйымдастырылады, ол арқылы бірінші кезекте қажетті өнімдер, азық-түлік, сондай-ақ дәрі-дәрмектер әкелінеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін оңтүстік астана мен елордада 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілетінін хабарлаған едік.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың жаңа 5 жағдайы тіркелді.

Осылайша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 32-ге жетіп отыр. Олардың 15-і оңтүстік астанада және 17-і Нұр-Сұлтанда.

Айта кету керек, әлем бойынша, аталған вирусты 180 мыңнан астам адам жұқтырған. Оның 7,1 мыңы инфекциядан көз жұмған. Ал 79 883 адам коронавирустан емделіп шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыға кіреберістерге 27 бекет қойылады
Mailfire view pixel