Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан әкімі карантинге байланысты тұрғындарға үндеу жолдады (видео)

Опубликовано:

Бүгін президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Осыған орай елорда әкімі қалада қандай өзгерістер болатынын түсіндіріп, астаналықтарға үндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алтай Көлгінов. Фото: astana.gov.kz
Алтай Көлгінов. Фото: astana.gov.kz: Original

Бұған дейін президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізу туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

Сондай-ақ COVID-19 вирусын жұқтырудың 16 дерегі тіркелген соң елордалық әкімдік қаланың карантинге жабылуы мүмкін бе деген сауалға жауап берген болатын.

Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 32-ге жетті. Олардың 15-і Алматыда тіркелсе, 17-і Нұр-Сұлтанда тіркелген.

Сонымен қатар, Оңтүстік астананың әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың карантинге жабылуына байланысты тұрғындарға үндеу жолдаған еді.

Әлем бойынша аталған вирусты 180 мыңнан астам адам жұқтырған. Оның 7,1 мыңы инфекциядан көз жұмды. Дегемен 79 883 адам коронавирустан емделіп шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845922-nr-sltan-kimi-karantinge-bajlanysty-trgyndarga-ndeu-zoldady-video/

pixel