Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бізді қамап қойыңдар": Нурмагамедов пен Фергюсонның жекпе-жегі қайда өтуі мүмкін

Опубликовано:

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагамедовтың әкесі ұлының Тони Фергюсонмен жекпе-жегі Дубайда өтуі ықтимал екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ eurosport.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Getty Images / Chris Unger
Фото: Getty Images / Chris Unger: Getty Images

Бастапқыда әлем бойынша аралас жекпе-жек жанкүйерлерінің асыға күткен жекпе-жегі Нью-Йоркте өтуі тиіс болған. Алайда, ол жерде коронавирус пандемиясына байланысты спорттық іс-шаралардың өткізілуіне тыйым салынды.

"Жекпе-жек Дубайда өтуі ықтимал. Біріншіден, ол жерде ыстық болғандықтан, аурулармен күресу оңай. Және Араб әмірліктеріне UFC жекпе-жегінің ақшасын төлеу оңайға соғады деп ойлаймын. Абу-Дабиде өтуі әбден мүмкін, бірақ ол Дана Уайттың қалай келіскеніне байланысты. Нақты айта алмаймын, бірақ жекпе-жектің сол жақта өту мүмкіндігі басым", – деді Абдулманап Нурмагомедов.

Бүған дейін UFC бастығы Дана Уайт қалай болған күнде де жекпе-жектің өтетінін мәлімдеген болатын.

Айтуынша, коронавирус эпидемиясы мен жаппай спорттық іс-шаралардың тыйым салынуына қарамастан, Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жек міндетті түрде өтеді.

"Біз жақын уақытқа жоспарланған үш кездесуді кейінге шегереміз. Бірақ, Тони мен Хабиб 18 сәуірде төбелеседі. Біз сәуірге дейін жағдай тұрақталады деп үміттенеміз. Бірақ бұл жекпе-жек қалай болған күнде де өтеді. Мүмкін көрермендерсіз, АҚШ-та емес, бірақ өтеді», – деп сендірді Дана Уайт.

Бұған дейін аталған екі спортшы арасындағы жекпе-жектің төрт рет өтпей қалғанын айта кету керек.

Бұл кездесуге байланысты ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагамедов те әлеуметтік желіде жазба қалдырған еді.

"Бізді жай ғана аренада қамап қойыңдар, сол кезде кімнің чемпион екенін білесіңдер", – деп жазды Хабиб Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Еуропалық футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) әлемде коронавирустың таралуына байланысты ресми түрде басты еурокубоктарды – Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын тоқтатқанын мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845929-bizdi-kamap-kojydar-nurmagamedov-pen-fergusonny-zekpe-zegi-kajda-tui-mmkin/

pixel