RU

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордада коронавирус жұқтырудың тағы бір дерегі тіркелді. Осылайша, инфекцияға шалдыққандар саны 33 адамға ұлғайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Нұр-Сұлтанда вирус жұқтырған тағы бір адамның анықталғанын денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

Бүгінде елімізде 33 адамның вирусқа шалдыққаны белгілі, олардың 15-і – Алматыда, 18-і – Нұр-Сұлтанда.

Бұған дейін президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізу туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

Осыған байланысты Алматы және Нұр-Сұлтан әкімдері қалалардың карантинге жабылуына байланысты тұрғындарға үндеу жолдады.

Әлем бойынша аталған вирусты 180 мыңнан астам адам жұқтырған. Оның 7,1 мыңы инфекциядан көз жұмды. Дегемен 79 883 адам коронавирустан емделіп шыққан.

Еске сала кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусын пандемия деп жариялады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды
Mailfire view pixel