RU

Карантин кезінде Алматы мен Нұр-Сұлтаннан кім шыға алады

19 наурыздан бастап Қазақстанның екі қаласында карантин режимі жұмыс істей бастайды. Үкімет қалаларға кіруге және шығуға қойылған шектеулер кімге әсер етпейтінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Карантин кезінде Алматы мен Нұр-Сұлтаннан кім шыға алады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Премьер-министр сайтындағы хабарламаға сәйкес, адамдардың Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумағына кіруіне және шығуына шектеу келесі категориядағы адамдар үшін ерекшеліктерді қарастырады:

  • бұған дейін қаладан шығып кеткен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары қалаға оралған жағдайда; 
  • бұған дейін қалаға кірген басқа өңірлердің тұрғындары қаладан шығатын болса;  
  • бұған дейін шетелдерге шығып кеткен ҚР азаматтары (олар Қазақстан Республикасына оралған жағдайда);
  • бұған дейін елден шығу үшін ҚР аумағына кірген және елден шығып кету мақсатында әуе көлігімен шығатын шетелдіктерге; 
  • шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар), Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға;
  • бұған дейін шетел мемлекетінің аумағына шығып кеткен ҚР азаматтары Қазақстан Республикасына оралған жағдайда;
  • емделу үшін шетелге шығатын ҚР азаматтарына, олардың денсаулық сақтау мекемелерінің растаушы құжаттары болған жағдайда;
  • елдің және шетел мемлекеттерінің дипломатиялық қызметінің персоналы және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстанға ҚР Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша бағыт алған шетел мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың делегация мүшелеріне;
  • пойыз және локоматив бригадаларының мүшелеріне, сондай-ақ теміржол тасымалы процесіне қатысатын тұлғаларға, әуе, теңіз көліктерінің экипажына, халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүк автокөлігі құралдарының жүргізушілеріне; 
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып саналатын шетелдіктерге (туыстық байланыс фактісі - ері (зайыбы), олардың ата-аналары мен балалары екені расталған жағдайда); 
  • Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмыс істейтін, қала маңы аумақтарында тұратын тұрғындарға;
  • әуе және темір жол транзиті қатынасымен жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына; 
  • басқа да ерекше жағдайларда, мұндай жағдайлар COVID-19-бен күресу жөніндегі қалалық штабтарда дербес тәртіпте қаралады. 

Естеріңізге сала кетейік, ІІМ қалаға кіруге кімге рұқсат берілгенін хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845944-karantin-kezinde-almaty-men-nr-sltannan-kim-syga-alady.html