RU

Қазақстанда медициналық маскалардың бірыңғай бағасы орнатылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстан билігінің ел үшін күрделі кезеңде алыпсатарлықтан аулақ болу үшін медициналық маскаларға белгіленген баға қоюды жоспарлап отырғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда медициналық маскалардың бірыңғай бағасы орнатылады

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, әуелде медициналық масканың аса қажеті болған жоқ, министрлік бұл туралы бірнеше рет айтқан. Алайда, адамдар оларды сатып ала бастады, ал бұл өз кезегінде алыпсатарлыққа әкелді. Біртановтың айтуынша, медициналық маскалардың тұтас қоймасы табылды, кейбір іскер қазақстандықтар оларды елден шығаруға тырысты, бірақ жүк денсаулық сақтау министрлігі оған тыйым салған кезде шекарадан тоқтатылды.

Денсаулық сақтау министрлігі қазір елімізде маскалармен проблема бар екенін мойындайды. Оны шешу үшін осы қорғаныс құралдарының өндірісі ұлғайтылып, тігін цехтары іске қосылды.

Біртанов денсаулық сақтау министрлігі маскаға шекті баға белгілеу туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Бұдан басқа, мемкомиссия осы қорғаныс құралдарымен алыпсатарлық үшін жазаны күшейту туралы шешім қабылдады. Бұл масканы интернетте сатуға да қатысты, деп қоса кетті министр.

Маскаға "бірыңғай, әділ бағаны" жақын күндері Біртанов белгілеуге уәде берді, алыпсатарлық айыппұлмен және қылмыстық жауапкершілікпен қатаң жазаланатын болады. Қазір бұл мәселені үкімет заңгерлері министрлікпен бірлесіп әзірлеуде.

Еске сала кетсек, карантин кезінде Алматы мен Нұр-Сұлтаннан кімдердің шыға алатынын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда медициналық маскалардың бірыңғай бағасы орнатылады
Mailfire view pixel