RU

БАҚ Головкин-Альварес арасындағы үшінші кездесудің қашан өтетінін хабарлады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы үшінші жекпе-жектің қашан өтеуі мүмкін екені белгілі болды. Шетелдік басылымдардың жазуынша, кездесу қыркүйек айында өтуі ықтимал деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Геннадий Головкин. Фото: sportarena.com
Геннадий Головкин. Фото: sportarena.com: UGC

Алдын ала мәліметтер бойынша, тараптар ауызша келісімге келген.

The Athletic мәліметінше, боксшылардың кездесуі 12 қыркүйекте AT&T аренасында өтуі ықтимал. Алайда, инсайдер жекпе-жек орны мен күні өзгеруі мүмкін екенін еске салды.

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы өтіп, тартысты өткен кездесу тең нәтижемен аяқталған.

Ал екінші кездесуде төрешілердің шешімімен мексикалық спортшы жеңіске жетті. Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі еді.

2020 жылдың мамыр айының басында Альварес британдық Билли Джо Сондерспен жұдырықтасады деп жоспарланған. Алайда, бұл кездесу коронавирусқа байланысты кейінге қалуы мүмкін.

Егер жекпе-жек болмаса, онда қазақстандық боксшымен жұдырықтасуға дайын көрінеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Головкиннің жарақат алып қалғанын, сол себепті жоспарлаған кездесуін кейінге қалдырғанын хабарлаған едік.

Осыған байланысты, боксшы мен оның командасы Халықаралық бокс федерациясына титулды қорғау үшін уақыт беруді сұраған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845969-bak-golovkin-alvares-arasyndagy-sinsi-kezdesudi-kasan-tetinin-habrlady.html