Выйти
RU

Түркістан облысында ТЖ кезінде той жасаған тұрғынның басы дауға қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде той жасаған тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды. Өз үйінің ауласында адамдардың басын қосып, той жасаған азамат енді заң алдын алдында жауап беретін болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, той жасаған тұрғын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде төтенше жағдай енгізу туралы қаулысын ескермеген.

Оның той жасағаны туралы бейнежазба әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған.

Аталған жайт бойынша Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларын атқарып, тойдың Түркістан қаласындағы мөлтек аудандардың бірінде өткенін анықтаған.

"Қалалық полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзып жиын өткізгені үшін той иесі, жергілікті тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы "Төтенше жағдай режимiн бұзу" бойынша хаттама толтырды. Аталған жайтқа байланысты жинақталған іс-құжат Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды", - делінген хабарламада.

Облыс полицейлері тұрғындарға заңға бағыну керектігін ескертеді.

Еске сала кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

Оған сәйкес елімізде ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысында ТЖ кезінде той жасаған тұрғынның басы дауға қалды