Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Телефонмен көңіл айтуға болады": Ақтөбе әкімі той-томалақты доғаруды сұрады

Опубликовано:

Ақтөбе қаласының жаңа әкімі Асхат Шахаров жергілікті кәсіпкерлерді жинады. Кездесуді барынша пайдалы өткізуді ұсынған қала басшысы той мен садақаны қысқарту керектігін кесіп айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook
"Бүгінгі жағдай баршаға мәлім. Президент әлемде болып жатқан індетке қарсы шараларды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы билікке тапсырып отыр. Түсініктік танытып, барлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталу керек. Италияда бір күннің ішінде 300 адам коронавирустан көз жұмды. Ал Қытайда вирусты таратқаны үшін өлім жазасы қарастырылған. Қатаң тәртіптің арқасында ғана дертті жеңуге болады", - деді қала әкімі Асхат Шахаров.

Талапты орындамағандардың қатаң жауапқа тартылатыны ескертілді. Қалада мейрамханалар мен кафелердің жұмыс уақытына шектеу қойылды. Олар тек кешкі сағат 22.00-ге дейін ғана жұмыс істей алады.

Сондай-ақ, 50 адамнан артық адам жиналмау қажет. Талаптарды орындамаған мекеме басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылады деп ескертілді.

"Сауда орталықтарында ойын-сауық орындары, кинотеатрлар, театр, көрмелер, фитнес-орталықтары мен жаттығу залдары, түнгі клубтар мен басқа да көп адам жиналатын орындардың жұмыстарын тоқтатылады. Тамақтану орындары шектеу қойылған уақытпен жұмыс істейді. Тәртіпке бағынбаған жағдайда жауапкершілікке тартылады. Мұндай жағдайда мейрамхана, кафе иесіне айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамауға алынады", - деді Ақтөбе қалалық полиция департаментінің басшысы Мақсат Шляшев.

Кәсіпкерлер жабық мерекелер мен балалар шарасын және осыған дейін тапсырыс берілген тойларды өткізуге рұқсат сұрады.

"Мейрамханаларға оқыстан садақа тапсырыс келгенде не істейміз? Адамдар қазада садақа жасамай тағы отыра алмайды", - деген кәсіпкерлер сұрағына шаһар басшысы түсіністік танытуды сұрады.

"Қазір жағдай түсінікті. Қайғылы жағдай болады. Бір нәрсені түсіну керек. Өмір бар жерде өлім бар. Қазада көңіл айту керек. Көп адам шоғырланған жерде қауіптің басым болатыны ескертілді. Садақаға кем дегенде 300 адамға дейін жиналады. Бір адамнан қаншама адам зардап шегуі мүмкін. Түсіністік танытыңыздар. Көңіл айтамын десеңіздер телефон бар", - деді Шахаров.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер медициналық бетперделердің қымбаттап кеткенін алға тартты.

Еске сала кетсек, Ақтөбе қаласының жаңа әкімі болып Асхат Шахаровтың тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845979-telefonmen-kil-ajtuga-bolady-aktbe-kimi-toj-tomalakty-dogarudy-srady/

pixel