RU

Түркияда алғаш рет коронавирустан ел тұрғыны көз жұмды

Түркияда COVID-19 вирусынан қайтыс болған алғашқы адам тіркелді. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожда мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: trend.az
Фото: trend.az: Facebook

Түркия денсаулық сақтау министрінің айтуынша, вирустан 89 жастағы науқас көз жұмған.

"Ол инфекцияны Қытайдан сапардан келген өзінің қызметкерінен жұқтырған", – деп түсіндірді Коджа.

Ведомство басшысы жалпы Түркияда вирусқа шалдыққандар саны 98 адамды құрайтынын мәлімдеді.

Ол COVID-19 вирусының алдын алу шараларын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Еске сала кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусын пандемия деп жариялады.

Бұған дейін Қырғызстан үкіметі елде коронавирустың өршуіне жол бермеу үшін шетел азаматтарының елге кіруіне уақытша шектеулер қояғанын мәлімдеді.

Ал Ресей үкіметі шетелдіктерге елге 18 наурыздан 1 мамырға дейін кіруге тыйым салатын қаулы қабылдады.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес Қазақстанда COVID-19 вирусы 35 адамнан анықталып отыр. Олардың 17-і Алматыда болса, 18-і Нұр-Сұлтанда.

19 наурыздан бастап аталмыш қалаларда карантин режимі күшіне енеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1845981-trkiada-algas-ret-koronavirustan-el-trgyny-kz-zmdy.html