RU

Тоқаев коронавируспен аянбай күресіп жатқан ақ халаттыларға алғыс айтты

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен табанды түрде күресіп жатқан қазақстандық ақ халаттыларға алғысын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Бұл туралы ел президенті Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, 15 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен елімізде 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

Сонымен қатар мемлекет басшысы халыққа мәлімдеме жасап, бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізге сенім білдірді.

Сондай-ақ, президент жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 33 адамға жетті. Олардың 15-і – Алматыда тіркелсе, 18-і – Нұр-Сұлтанда тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев коронавируспен аянбай күресіп жатқан ақ халаттыларға алғыс айтты
Mailfire view pixel