RU

Түркістанда коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан үш адам он жылға сотталуы мүмкін

Түркістан облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев өңірлік брифингте коронавирусқа байланысты жалған ақпарат таратқан үш адамның тергеліп жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Сейдуалиев жалған ақпарат таратқан азаматтар Қылмыстық кодекс бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

"Қылмыстық кодекстің 274-ші бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" деп аталады және оның санкциясында 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген. Мәселен, облыста Мақтаарал, Шардара аудандары мен Кентау қаласында 3 дерек тіркелді", - деді Әбдіғани Сейдуалиев.

Облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасарының сөзінше, күдікке ілінгендер коронавирусқа байланысты жүріп жатқан оқу-жаттығу жұмыстарын ұялы телефонға түсіріп, сол өңірлерде оба тарап жатыр деген мағынада бейнематериалдарды әлеуметтік желілерде таратқан.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстарының жүріп жатқаны белгілі болды.

Еске сала кетсек, коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан шымкенттік тұрғын халықтан кешірім сұрап, өз әрекетін қайталамауға шақырған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845987-trkistanda-koronavirus-zajly-zalgan-akparat-taratkan-s-adam-on-zylga-sottaluy-mmkin.html