RU

Адамдар бір-бірінен қандай қашықтықта тұрса вирус жұқпайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жапондық инфекционист және эпидемиолог дәрігер Сато Акихиро коронавирустың таралуын болдырмау үшін адамдар қандай арақашықтықтықта болуы керектігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Дәрігер пандемия кезіндегі адамдардың арақашықтығы жайлы айтты

Көрнекі фото: pixabay.com

2018 жылы Токио қаласында инфекцияның таралуына қарсы оқу құралын дайындап шығарған Сато Акихироның сөзінше, халық көптеп жиналатын шараларды адам санына қарай шектеудің еш мағынасы жоқ, себебі жиындар ашық аспан астында болсын, ғимарат ішінде болсын, ондағы адамдардың арақашықтығы маңыздырақ.

"Мысалы, бірнеше мың адам көшеде жиналып, бір-бірімен сөйлеспей, олардың арақашықтығы 1,5-тен 2 метрге дейін болса, бұл қауіпсіз жағдай. Ал егер ғимарат ішінде аздаған адам жиналып, бірақ арасы 30 сантиметрден 1 метрге дейін болып, әрі бір-бірімен сөйлескен жағдайда инфекция таралу қаупі жоғарылайды. Бұлай істеудің қажеті жоқ", – деді Сато.

Дәрігердің ойынша, егер ауасы тар, жабық орында концерт өтетін болса, ондағы адам саны 100 немесе 5000 болсын, жаңа типтегі коронавирус инфекциясының таралуын төмендете алмайды. Себебі қанша адам болса да, олар тым жақын отырады

Айта кетейік, өткен аптада Жапония премьер-министрі Абэ Синдзо коронавирус инфекциясын жұқтырып алудың үш жолынан сақ болуды айтқан еді.

Мәселен бір адамның инфекцияны бірнеше адамға жұқтыруы, мұндай жағдай көбіне ауасы тазартылмаған жабық орында адамдар бір-біріне жақын отырып не тұрып сөйлесіп не ән айтқанда орын алады.

Спорттық және музыкалық клубтарда инфекция беріліп, ауру жұқтырып алу қаупі жоғары.

Сондай-ақ, ашық аспан астында, таза ауада шаралар өткізу қауіпті бәсеңдеткенмен, толық қатерсіз деп айтуға келмейді.

Себебі Хоккайдо қаласындағы болған Қар мерекесі кезінде вирус жұқтыру артқан, нәтижесінде қалада төтенше жағдай енгізілген.

Еске сала кетсек, америкалық ғалымдар коронавирустың жылдам таралуының себебін атаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Адамдар бір-бірінен қандай қашықтықта тұрса вирус жұқпайды
Mailfire view pixel