RU

Қырғызстанда алғаш рет коронавирус тіркелді

Қырғызстанда алғаш рет коронавирус жұқтырған адамдар тіркелді. Инфекция үш ел азаматынан анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Кabar.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

COVID-19 вирусын жұқтырғандар жайлы Қырғызстанның Денсаулық сақтау министр Космосбек Чолпонбаев мәлімдеген.

Оның айтуынша, инфекция жұқтырғандар Қырғызстан азаматтары, олар Сауд Арабиясынан кіші қажылықтарын (ұмра) орындағаннан кейін 12 наурызда ел келген.

"Барлық жағдай Жалал-Абад облысының Созақ ауданында анықталды. Вирусты жұқтырғандардың бәрі ер адамдар. Қазіргі уақытта індеттің республика бойынша таралуын болдырмау үшін шаралар қабылдануда", - деді Космосбек Чолпонбаев.

Ол коронавирус жұқтырғандармен бірге 135 азаматтың оралғанын атап өтті.

"Біз 90 адамды таптық, олардың барлығы оқшауланып, обсервацияға орналастырылды", - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қырғызстан үкіметі шетел азаматтарының елге кіруіне уақытша шектеулер қоятынын хабарлаған едік.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, әлем бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 179 112-ке жеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845998-kyrgyzstanda-algas-ret-koronavirus-tirkeldi.html