RU

Алматы полициясының басшысы тұрғындарға үндеу жолдады (видео)

Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қалада карантиннің енгізілуіне байланысты алматылықтарға мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"19 наурыз күні 00:00-ден бастап карантин режимі енгізіледі. Басты мақсат - қаланың сыртқы аумағын бақылап, қаланың ішіндегі карантин режимін қатаң бақылау арқылы инфекцияның таралуын тоқтату.
Алматының шекараларында автокөлік кіргізуге, шығаруға шектеу қойылады. Осыған байланысты қаланың кіре берісінде 27 блок-пост қойылады.
Полиция департаментінде колл-центр болады. 254 40 07 телефон нөміріне хабарласу арқылы азаматтар сұрағына жауап алатын болады.
Құрметті азаматтар, ішкі істер органдарының қабылдап жатқан шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз. Өйткені бұл сіз және сіздің жақындарыңыз үшін қабылданған шара", - деп сөзін түйіндеді ол.

Еске сала кетейік, 17 наурызда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап карантин режимін енгізу туралы шешім қабылдады.

Осыдан кейін оңтүстік астананың әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың карантинге жабылуына байланысты тұрғындарға мәлімдеме жасады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846009-policia-bassysy-karantinni-engiziluine-bajlanysty-almatylyktarga-ndeu-zasady-video.html