Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Испанияда футбол бапкері коронавирустан қайтыс болды

Опубликовано:

21 жастағы испаниялық футбол жаттықтырушысы Франсиско Гарсия коронавирустан көз жұмды деп деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жас маман Малага қаласындағы "Атлетико Портада Альта" әуеқой футбол клубынының жастар құрамасын жаттықтырған. Бапкер коронавирусты жұқтырып, бірнеше күннен кейін қайтыс болған.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, ол жұмысына үлкен тәуекелге қарамастан шыққан. Себебі, жақында жас бапкерден қатерлі ісік диагнозы анықталған. Алдын-ала болжам бойынша, жаттықтырушының иммунитеті коронавирус инфекциясын жеңе алмаған.

Қазіргі уақытта Испанияда вирустың 9942 жағдайы тіркелген, оның 342-і өліммен аяқталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін туриндік "Ювентус" командасының қорғаушысы Даниэле Руганидің коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.

Одан бөлек, италиялық командада доп тебетін Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Блез Матюидиден де инфекция табылды.

Сонымен қатар, англиялық "Арсенал" футбол командасының бас жаттықтырушы Микель Артетада COVID-19 вирусы расталғаннан соң, клубтың Лондондағы дайындық орталығы жабылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846017-ispaniada-futbol-bapkeri-koronavirustan-kajtys-boldy/

pixel