RU

Дене қызуы бар адамдар Алматыға кіре алмайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Карантин уақытысында Алматы аумағына дене қызуы бар адамдарды кіргізбейді. Бұл туралы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, шаһарға кірмек болған әрбір азаматтың дене қызуы оңтүстік астананың кіреберісіндегі 27 бекеттің барылығында тексерілетін болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Департамент басшысының орынбасары Әсел Қалықованың мәлімдеуінше, Алматы кіреберісіндегі 27 бекеттің барлығында тәртіп сақшыларымен бірге санитарлық қызметтер де жұмыс істейтін болады.

Олардың басты мақсаты - коронавирусты жұқтырып алғандар мен вирустық инфекцияға ұқсас белгілері бар азаматтарды анықтау.

Санитарлық қызметкерлер оңтүстік астанаға кірмек болған адамдардың барлығын термометр көмегімен тексереді. Қала сыртындағы барлық бекеттер тепловизорлармен қамтамасыз етіледі.

Қалаға өтпек болған азаматтың бірінен вирус белгілері анықталған жағдайда, оны тұрғылықты мекен-жайына қайтаратын болады. Тұрғынның жағдайын тексеру мен бақылау мақсатында жергілікті департаментке оның денсаулығы жөнінда ақпарат беріледі.

Еске сала кетейік, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимі 19 наурызда сағат 00:00-де бастап күшіне енеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дене қызуы бар адамдар Алматыға кіре алмайды
Mailfire view pixel