RU

Адамнан жұққан болуы мүмкін: Гонконгта үй жануары коронавирустан өлді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Гонконгта коронавирус табылған ит инфекциядан емделіп, үйіне қайтарылған соң өлген. Вирус жануарға адамнан жұққан болуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

адамнан жұққан

Көрнекі фото: pixabay.com

Ақпан айының соңында Гонконгта азғасынан коронавирус табылған жануардың карантинге жатқызылғаны белгілі болған. Дегенмен иттен аурудың еш белгілері байқалмапты.

Гонконг сарапшылары бірауыздан COVID-19 инфекциясы үй жануарына адамнан жұққан болуы мүмкін деген шешімге келген. Ал ДДСҰ мамандары аталмыш деректі зерттеп жатқандарын айтуда.

Еске сала кетсек, еліміздің ресми органдары таратқан соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус 35 адамнан табылды. Олардың 17-і Алматыда болса, 18-і Нұр-Сұлтанда.

18 наурызда Алматы қаласында екі адамнан инфекция анықталған. Олардың бірі Стамбул қаласынан ұшып келген 22 жастағы студент қыз болса, екіншісі 1974 жылғы әйел адам. Келіншек Алматыға Мәскеуден ұшып келген.

Айта кетсек, 19 наурыздан бастап екі мегаполисте карантин режимі күшіне енеді. Бұл вирустың Қазақстанның басқа да қалаларына таралуына жол бермес үшін жасалып жатыр.

Одан бөлек 16 наурыздан 15 сәуірге дейін бүкіл ел аумағында төтенше жағдай жарияланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Адамнан жұққан болуы мүмкін: Гонконгта үй жануары коронавирустан өлді
Mailfire view pixel