RU

Алматыда коронавирус табылған екі адамға қатысты жаңа дерек шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Алматыда коронавирус жұқтырған тағы екі адам туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда Стамбулдан келген 22 жастағы студент қыздан коронавирус табылды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ахметшәріптің мәліметінше, олардың бірі Стамбулдан ұшып келген. Қазір станционарда жатыр.

"Оның бірі - 1998 жылы туған қыз бала. Студент. Стамбул-Алматы рейсімен 15 наурызда ұшып келген. Екіншісі - 1974 жылғы әйел адам. 10 наурыз күні Мәскеуден Алматыға ұшып келген. Екеуі де қазір стационарда. Жағдайы жақсы", - деді Диас Ахметшәріп министрліктің Facebook желісіндегі ресми парақшасында.

Еске сала кетсек, бүгін Алматыда тағы екі адамның коронавирус жұқтырып анықталғаны белгілі болды.

Осылайше елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 35 адамға жетіп отыр.

Олардың 17-і Алматыда болса, 18-і Нұр-Сұлтанда.

Еске сала кетейік, 19 наурыздан бастап аталмыш қалаларда карантин режимі күшіне енеді. Бұл вирустың Қазақстанның басқа да қалаларына таралуына жол бермес үшін жасалып жатыр.

Одан бөлек 16 наурыздан 15 сәуірге дейін бүкіл ел аумағында төтенше жағдай жарияланған.

Оған сәйкес, елде ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коронавирус табылған екі адамға қатысты жаңа дерек шықты
Mailfire view pixel