Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамин коронавирусқа қарсы қабылданған шешімдер бойынша Тоқаевқа есеп берді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Асқар Маминді қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Премьер-министр, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Асқар Мамин президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа комиссияның жұмысы және ел аумағында коронавирус індетінің таралуына қарсы қабылданған шешімдер жайында баяндаған.

Мемлекеттік комиссияның төрағасы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиннің енгізілуі, экономика субъектілерін қолдау шаралары, коронавирус жұқтырғандардың пайда болу ықтималдығына өңірлердің дайындығы туралы айтты.

Қазақстан президенті комиссия мүшелері жүйелі жұмыс істеп, аймақ басшыларымен өзара ынтымақтаса әрекет етуінің маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысының пікірінше, фискалды саясатты тиімді жүзеге асыру мәселесіне баса мән беру керек. Бұл ретте үкімет пен Ұлттық банктің үйлесімді іс-қимылдары аса маңызды.

Еске сала кетейік, 17 наурызда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап карантин режимін енгізу туралы шешім қабылдады.

Осыдан кейін оңтүстік астананың әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың карантинге жабылуына байланысты тұрғындарға мәлімдеме жасады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1846031-mamin-koronaviruska-karsy-kabyldangan-sesimder-bojynsa-tokaevka-esep-berdi/

pixel