RU

Алматылықтар карантинге қатысты сұрақтар бойынша қайда хабарласа алады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

19 наурыздан бастап, Қазақстанның оңтүстік астанасында карантин режимі басталады. Осы орайда алматылықтар өздерін қызықтырған сұрақтарды жедел желіге хабарласып қоя алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін Алматыда қалалық полиция басшысы Қанат Таймерденовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Ол карантин кезінде оңтүстік астана тұрғындары үшін арнайы Call centеr жұмыс істейтінін хабарлады. Ал алматылықтар 254-40-07 нөмірі бойынша хабарласып, туындаған сұрақтарын қоя алады.

Таймерденовтың сөзінше, қалаға кіреберістерге арнайы бекеттер орнатылып, шаһарға кірмек болған әрбір азаматтың дене қызуы тексерілетін болады. Дене қызуы көтерліген жандар қалаға кіре алмайды.

Карантин кезінде қала көшелерінде полицейлер ғана емес, Ұлттық гвардия сарбаздары мен әскери қызметкерлер де тексеріп жүреді. Бұл туралы күні кеше қорғаныс министрі мәлімдеді.

Сондай-ақ, бүгін бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев қазақстандықтарға үндеу жасап, төтенше жағдай кезінде заңды талаптарды орындамаған азаматтарға қандай шаралар қолданылатынын түсіндірді.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, елде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 35 адамға жетіп отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматылықтар карантинге қатысты сұрақтар бойынша қайда хабарласа алады
Mailfire view pixel