RU

Алматыдағы мейрамханалар жабылып, тек жеткізу қызметі ғана жұмыс істейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыдағы тұрғын-үй саясаты басқармасы қаладағы мейрамханалар карантин кезінде келушілер үшін жабық болатынын айтты. Алайда билік жеткізу қызметін қалдырмақ ниетте деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ресторан

Көрнекі фото: pixabay.com

Басқарма басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев алматылық мейрамханаларға өтініш жасады.

"Біз барлық мейрамханалардан қаланы қолдауларын, толық жабылып қалмай, үйге жеткізу қызметін қалдыруларын өтінеміз", - деді ол.

Шенеуніктің айтуынша, карантин кезінде барлық мейрамханалар жабылып, келушілердің ғимаратқа кіре алмайды.

Сондай-ақ Отыншиевтің сөзінше, қазіргі уақытта алматылық дүкендермен азық-түліктерді сатып алушылардың үйіне дейін жеткізу мүмкіндігі жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

Еске сала кетейік, 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимі күшіне енеді. Бұл вирустың Қазақстанның басқа да қалаларына таралуына жол бермес үшін жасалып жатыр.

Көптеген мекемелер онлайн режимге көшіп, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері карантинге жабылып жатыр. Адамдарға көпшілік шоғырланған жерлерге бармауға кеңес берілуде.

Айта кетсек, соңғы деректерге сәйкес, елімізде коронавирус 35 адамнан анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдағы мейрамханалар жабылып, тек жеткізу қызметі ғана жұмыс істейді
Mailfire view pixel