Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ коронавирусты анықтайтын тесттің бағасын жариялады

Опубликовано:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты анықтауға арналған тесттің бағасы қанша екенін жариялады. Ұйымның ақпаратынша, сараптама бағасы елдерге байланысты болуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ддсұұ
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Бір тестті жасау құны 30-60 долларға немесе 13-26 мың теңгеге бағаланған. РИА Новости жазуынша, ДДСҰ бұдан да арзанырақ нұсқаларын қарастырып жатыр.

Еуропалық ұйым бюросының координаторы Дорит Ницан тесттің бағасы мемлекетпен және оның көлеміне байланысты болатынын хабарлады. Бұл кейбір елдердің осындай тесттерге ақша үнемдеуінің басты себебі.

Әлемде коронавирусты анықтайтын бұдан да арзан тесттер болғанымен олар верификация процесінен өтулері керек.

Еске сала кетсек, Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус анықталған науқастардың жағдайын айтып берді. Маманның сөзінше, науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес ел аумағында COVID-19 вирусы 35 адамнан анықталып отыр. Олардың 17-і Алматыда болса, 18-і Нұр-Сұлтанда.

Еске сала кетейік, 19 наурыздан бастап аталмыш қалаларда карантин режимі күшіне енеді. Бұл вирустың Қазақстанның басқа да қалаларына таралуына жол бермес үшін жасалып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846048-dds-koronavirusty-anyktajtyn-testti-bagasyn-zarialady/

pixel