Выйти
RU

"Реалдың" бұрынғы президенті коронавирус жұқтырып, жансақтау бөліміне түсті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Испаниялық "Реал Мадрид" футбол клубының бұрынғы президенті Лоренсо Санстың коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ eurosport.ru-ға сілтеме жасап.

Лоренсо Санс. Фото: Getty Images

Лоренсо Санс. Фото: Getty Images

Корольдік клубтың экс-президентінің коронавирус жұқтырғаны туралы испаниялық AS басылымы мәлім етті.

"Есім шықты, сіздерден қолдау сөздер айтылған көптеген хабарламалар алдық. Әкемнің бұл дертті жеңіп шығатынына сенімдімін. Тағы да барлығыңызға рақмет айтамын", – деп жазды твиттер желісінде Санстың ұлдарының бірі.

Айта кетейік, Мадридтік "Реалдың" бұрынғы президенті қазір 76 жаста. Ол корольдік клубты 1995-2000 жылдар аралығында басқарды. Лоренсо Санстың басшылығымен команда екі рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

Бұған дейін Лондондық "Арсенал" командасының бас бапкері Микель Артетадан коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.

"Арсенал" клубының басшылығы Артетамен байланыста болған футболшылар мен команда қызметкерлері екі аптаға карантинге жатқызылатынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Реалдың" бұрынғы президенті коронавирус жұқтырып, жансақтау бөліміне түсті