RU

ШҚО-да үй шатырындағы қар ер адамның үстіне құлап кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында үйдің шатырынан қар құлап, салдарынан ер адам қаза болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 17 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы Чапаев ауылында бір қабатты тұрғын үйдің шатырынан қар массасы құлап, 1962 жылғы үйдің қожайынын басып қалған.

Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Осыған орай, ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға шатырдағы және ауладағы қарды уақытылы тазалап тұруға кеңес береді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысындағы Қоянды ауылында тұрғындардың үйі қардан көрінбей қалғанын жазғанбыз. Ақ ұлпаның үйіліп қалғаны соншалықты, тұрғындар терезелерінен күннің көзін мүлдем көрмейді.

Ауыл тұрғынының айтуынша, олар қар мен бораннан кейін жолдарды ғана емес, үйлердің терезелерін де тазартады. Үйіндінің үлкендігі соншалықты, тұрғындар қараңғыда оянып, күн мен түндерін шатастырып алған.

Сондай-ақ, АҚШ-тың Калифорния штатының тұрғыны Николас Стейси-Алькантараның 30 сағат бойы қардың астында көміліп жатқанын хабарлағанбыз. Жас жігіт ұялы телефонындағы оятқыштың арқасында өз өмірін сақтап қалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ШҚО-да үй шатырындағы қар ер адамның үстіне құлап кетті
Mailfire view pixel