RU

Алматы әкімінің орынбасары карантин кезінде азық-түлік бағасын қалай ұстап тұратынын айтты

Оңтүстік астана әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев Алматыда азық-түлік тауарларына тапшылық болмайтынын, сондай-ақ әкімдіктің әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны қалай ұстап тұратынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы әкімінің орынбасары карантин кезінде азық-түлік бағасын қалай ұстап тұратынын айтты
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Тұяқбаев бүгін онлайн-брифингте сөз сөйлеп, бағаны ұстап тұру шаралары туралы әңгімеледі.

Әкім орынбасарының мәліметінше, қалада өнім жетіспеушілігі жоқ, супермаркеттер мен базарлар бұрынғы қалыппен жұмыс істейді.

Алматы дүкендеріне тауар жеткізуде іркілістер байқалмады. Логистикалық және дистрибьюторлық компаниялар штаттық режимде жұмыс істейді деп хабарлады Тұяқбаев.

Қала басшысының орынбасары әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы көтерілмейтінін айтты. Қала билігі жеткізушілермен келіссөздер жүргізуде, бюджеттен 5 млрд теңге бөлінді, тұрақтандыру қоры жұмысын жалғастыруда.

Тұяқбаев қазір тауарларды маусым айына дейін жеткізуге келісім-шарт жасалатынын айтты. Қалада қажетті қорлар бар, баға өспейді деп уәде берді әкімнің орынбасары.

Жеткізу жасыл дәліз арқылы жүзеге асырылатын болады, қиындық туған жағдайда оны қалалық штаб шеше.

Еске сала кетейік, Тоқаев Сағынтаев пен Көлгіновке азық-түлік бағасын қатаң бақылауда ұстауда тапсырған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846085-almaty-kimini-orynbasary-karantin-kezinde-azyk-tlik-bagasyn-kalaj-stap-tratynyn-ajtty.html