Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жыныстық жолмен жұға ма: Белгілі дәрігер жауап берді

Опубликовано:

Украиналық танымал дәрігер Евгений Комаровский коронавирус жайлы көрермендерді толғандырған 25 сұраққа жауап берді. Маманның сөзінше, вирустың жыныстық қатынас арқылы жұғатынына еш дәлел жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

комаровский
Евгений Комаровский. "Доктор Комаровский" Youtube арнасынан кадр: UGC

Комаровскийдің сөзінше, коронавирустың жыныстық қатынас арқылы жұғатынына ешқандай дәлел жоқ. Алайда індеттің көздің шырышты қабаты, дененің жоғарғы бөлігі арқылы (сүйісу, тыныс алу) тез жұғатынын ескерген жөн.

Одан бөлек, сарапшы статистикаға сүйене отырып, шылым шегетіндердің темекі тартпайтындарға қарағанда инфекцияны тез жұқтыратынын айтты.

Сондай-ақ, маман халық арасында кеңінен танылған оксолин жақпа майы, көк лампалар сынды қорғану құралдарының коронавируспен күресуге дәрменсіз екенін жеткізді.

Еске сала кетсек, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты анықтауға арналған тесттердің бағасы қанша екенін жариялады. Ұйымның ақпаратынша, бір тесттің құны 30-60 доллар, яғни 13-26 мың теңге аралығында.

Соңғы деректерге сәйкес, ел аумағында COVID-19 вирусы 36 адамнан анықталып отыр. Олардың 18-і Алматыда болса, 18-і Нұр-Сұлтанда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846092-koronavirus-zynystyk-zolmen-zga-ma-belgili-driger-zauap-berdi/

pixel