RU

Алматы облысының тұрғындары қаладағы жұмысына қалай барады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин енгізілгені белгілі. Осыған орай, Алматы облысынан оңтүстік астанаға қатынап жұмыс істейтін азаматтарға қалаға кіруге тыйым салынады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Оның айтуынша, қалаға кіруге тыйым салынбаса, карантиннің мәні кетеді. Сондай-ақ компанияларға өз қызметкерлері үшін қала ішінде уақытша тұрғын үй іздестіру ұсынылған.

"Күн сайын жарты миллионға жуық адам облыстан қалаға жұмысқа келеді. Біз үй-жай табуға көмек көрсете аламыз. Қазір барлық қонақ үй, жатақхана, хостелдер бос тұр. Бұл карантин кезінде қалаға көшуге жақсы мүмкіндік. Немесе қызметкерлерді ақылы демалысқа шығарып, болмаса қашықтықтан жұмыс істеуге көшіруге болады", – деп мәлімдеді Тұяқбаев БАҚ өкілдеріне.

Бұдан бөлек, әкім орынбасары қалаға тауар кіргізу мәселесіне тоқталып, "Жасыл дәліздің" жұмысы туралы баяндады.

"Кәсіпкерлер өндірушілер өз тауарларын қалаға қалай кіргізеді және қала өндірушілері тауарды қала сыртына қалай шығарады деген сауал қойып жатыр. Бұл мәселе бойынша "жасыл дәліз" енгізілді. Яғни, қаланың ішінде болсын, сыртында болсын, ешқандай мәселе жоқ. Барлығына рұқсат беріледі. Әрине, арнайы талаптар сақталады", – деп түсіндірді ол.

Еске сала кетейік, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимі 19 наурызда сағат 00:00-де бастап күшіне енеді.

Оңтүстік астана әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының карантинге жабылуына байланысты тұрғындарға үндеу жасады.

Карантин кезінде Алматы аумағына дене қызуы бар адамдарды кіргізбейтіні белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысының тұрғындары қаладағы жұмысына қалай барады
Mailfire view pixel