RU

Қазақстан 10-нан астам елдегі өз азаматтарын қайтарады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлемнің 13 елінде жүрген қазақстандық туристерді отанына қайтару жоспарлануда. Осы мақсатта 17 әуе рейсі ұйымдастырылады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан 10-нан астам елдегі өз азаматтарын қайтарады

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы "Туристік Қамқор" туристердің құқықтарын кепілдендіру жүйесі әкімшісінің ресми интернет-ресурсында жарияланды.

Әлемнің 13 елінен 17 рейс қазақстандық туристерді елге қайтаруы тиіс. Сейсенбі, 17 наурыз күні, бірінші ұшақ Гоаға ұшып кетті.

Ұлттық қор осы процесті бастау туралы шешімді Қазақстанның туризм және спорт комитетімен бірге қабылдады. Елге оралу кезінде қиындықтар пайда болған адамдарға қайда жүгіну қажет екені айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

Оған сәйкес елімізде ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынған.

Ал 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылады.

Соңғы деректерге сәйкес, елде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 35 адамға жетіп отыр. Науқастардың 17-і Алматыда болса, 18-і Нұр-Сұлтанда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан 10-нан астам елдегі өз азаматтарын қайтарады
Mailfire view pixel