RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар қанша уақыт емделеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирустан қай кезеңде емделуге болады және зардап шеккен қазақстандықтарға ауруханада қанша уақыт болу керек? Бұл сұраққа Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар қанша уақыт емделеді

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Диас Ахметшәріп Qazaqstan телеарнасының эфирінде сөз сөйлеп, елдегі COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар туралы айтты.

Оның сөзінше, қауіпті вирус анықталған алғашқы адам Қазақстанға 9 наурызда келген. Науқас әлі күнге дейін емдеуде, қашан жазылып шығары белгісіз.

Жалпы ведомство өкілінің айтуынша, коронавирус салдарынан туындаған ауруды емдеуге екі жарым аптадан үш аптаға дейін уақыт керек.

Еске сала кетсек, бүгін Алматыда тағы бір адамның коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болды.

Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 36 адамға жетіп отыр.

Олардың 18-і Алматыда болса, 18-і Нұр-Сұлтанда.

Айта кетейік, 19 наурыздан бастап аталмыш қалаларда карантин режимі күшіне енеді. Бұл вирустың Қазақстанның басқа да қалаларына таралуына жол бермес үшін жасалып жатыр.

Одан бөлек 16 наурыздан 15 сәуірге дейін бүкіл ел аумағында төтенше жағдай жарияланған.

Оған сәйкес, елде ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар қанша уақыт емделеді
Mailfire view pixel