Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан парламенті карантинге жабылды

Опубликовано:

Өзбекстанда төменгі парламент палатасы 16 наурыздан бастап карантинге жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ centralasia.media басылымына сілтеме жасап.

Өзбекстан парламенті карантинге жабылды
Фото: parliament.gov.uz: Twitter

Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында депутат Дониёр Ганиев хабардар еткен.

Комитет отырыстары, палата комитеттері мен фракцияларының пленарлы отырыстары үкіметтің қабылдаған шараларына сәйкес тоқтатылған.

Депутаттың хабарлауынша, парламент ғимаратына кіреберісте медициналық бақылау жүргізіліп, жеке гигиена ережелерінің сақталуы қатаң бақылауға алынған.

"Карантинге байланысты қатаң шаралар төменгі палатаның жұмысы тоқтағанын білдірмейді. Қазіргі уақытта парламентте барлық құжаттардың электронды алмасуына жағдай жасайтын ішкі электрондық жүйе жұмыс істейді", - деді Ганиев.

Депутаттың айтуынша, заң жобаларын талқылау атқарушы биліктің заңды орындауын бақылау, азаматтарды қабылдап, олардың өтініштерін қарау электрондық түрде жүзеге асырылатын болады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Өзбекстанда 15 адамнан коронавирус анықталған.

Ал біздің елімізде 36 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 18-і Алматыда, 18-і Нұр-Сұлтанда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846115-zbekstan-parlamenti-karantinge-zabyldy/

pixel