RU

Карантин кезінде алматылықтардың қозғалысы шектеле ме

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін оңтүстік астанада карантин режимі жұмыс істей бастайды. Мегаполиске кіруге және шығуға шектеу қойылды. Бұдан басқа, қала аумағында 27 бақылау өткізу пункті орнатылады, онда полицейлер мен дәрігерлер кезекшілік етеді. Қазір қала ішінде адамдардың қозғалысына шектеу қойылатыны не қойылмайтыны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Карантин кезінде алматылықтардың қозғалысы шектеле ме

Фото: KAZ.NUR.KZ

Оңтүстік астананың полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің сөзінше, қала ішінде адамдардың жүріп-тұруы үшін ешқандай шектеулер болмайды.

Оның айтуынша, алматылықтар қала ішінде жаяу немесе көлікпен кедергісіз қозғала алады.

"Қала бойынша ешқандай шектеу болмайды. Қала тұрғындары әдеттегі режимде қала ішінде жаяу, жеке көлікпен немесе басқа да қозғалыс құралдарымен жүре алады.
Қала шекарасында адамдар үшін де, көлік үшін де ешқандай шектеу болмайды", - деді ПД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін карантин режимі Алматы мен Нұр-Сұлтанда 19 наурыздан бастап енгізілгені белгілі болды.

Қалаға кіре берістерде блок-бекеттер орнатылады, сондай-ақ азық- түлік тауарларын тасымалдау үшін жасыл дәліз қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы халыққа мәлімдеме жасап, бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізге сенім білдірді.

Президент жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карантин кезінде алматылықтардың қозғалысы шектеле ме
Mailfire view pixel