RU

Біртанов ауру жұқтырғандардың есімін жариялауға болмайтынын айтты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Qazaqstan" телеарнасындағы "Ашық алаң" бағдарламасында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың аты-жөнін көпшілікке жария қылуға болмайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Медициналық құпия": Біртанов ауру жұқтырғандардың есімін жариялауға болмайтынын айтты (видео)

Фото: Видеодан кадр

Мақсат Толықбай тізгіндеген ток-шоуда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халықты толғандырған бірнеше сұраққа жауап берді. Журналистің "Коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың есімін неге елге жарияламаймыз?" деген сұрағына министр:

"Әрине, ол – медициналық құпия. Әр азаматтың құқығы Конституциямен бекітілген. Сондықтан, жариялаудың ешқандай қажеттілігі жоқ деп ойлаймыз. Ешқандай мемлекетте мұндай шараға ешкім барған жоқ. Бұл дұрыс емес", – деп жауап берді.

Айта кету керек, бүған дейін Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды коронавирустың ел бойынша таралуына жол бермеу үшін қолға алынған шаралардан қорықпауға шақырған болатын.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Тұңғыш Президент қоры коронавирус инфекциясымен күреске және төтенше жағдай кезінде халыққа қолдау көрсету үшін 200 млн теңге бөлген еді.

Бүгін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 36- ға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Біртанов ауру жұқтырғандардың есімін жариялауға болмайтынын айтты (видео)
Mailfire view pixel