RU

Алматы басқа қалалармен әуе және темір жол хабарламасын тоқтатады

22 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап Алматыға және Алматыдан жүретін барлық әуе және теміржол қатынасы тоқтатылады. Бұл туралы оңтүстік астана әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

22 наурыз Алматыға және Алматыдан шығатын барлық әуе және теміржол қатынасы тоқтатылады
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook
"Қала ішінде жұмыс істейтін қала маңы тұрғындары үшін қалаға кіруге және шығуға тыйым салынған. Қазірдің өзінде жұмыс берушілер қызметкерлерін демалысқа және қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырып жатыр.
Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті қызметкерлер, құқық қорғау органдары, қоғамдық көлік жүргізушілері, коммуналдық қызмет қызметкерлері уақытша қала аумағында орналасады", - деді Қожағапанов.

"Осыған байланысты кәсіпкерлерге штат санын уақытша оңтайландыруды бастауға кеңес береміз ", - деп толықтырды әкімнің орынбасары.

"Қала мен елден тыс жерде жүрген барлық алматылықтарға 72 сағат кіруге рұқсат беріледі. Осындай жол жүру ережелері Алматыда орналасқан және осы қаладан кеткісі келетін қазақстандықтар мен шетелдіктер үшін де қолданылады.
22 наурыз күні сағат 00.00-де барлық блок бекеттер қозғалыссыз жабылады. Қала тұрғындары мен қонақтарына кептелістер мен кезектерді болдырмау үшін қазірдің өзінде логистикалық іс - шараларды жүзеге асыруды бастауға кеңес береміз ", - деді қала басшысының орынбасары.

Айта кетейік, алматылықтарға Алматыға оралу үшін, ал басқа қала тұрғындары мен шетелдіктерге оңтүстік астанадан шығу үшін 72 сағат берілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846136-almaty-baska-kalalarmen-ue-zne-temir-zol-habarlamalaryn-toktatady.html