RU

"Ата-анасына айыппұл салынды": Полиция желіде тараған хабарламаға қатысты жауап берді

Алматы облысының полиция департаменті WhatsApp әлеуметтік желісіндегі тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ата-анасына айыппұл салынды": Полиция Whatsapp-та тараған хабарлама қатысты мәлімдеме жасады
Фото: polisia.kz: UGC

Талдықорғандағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында ойнап жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жылдам тарап үлгерді.

Департаменттің мәлімдеуінше, бұл ақпарат шындыққа мүлде жанаспайды. Департамент өкілі жағдайдың қалай болғанын егжей-тегжейлі айтып берді.

"Оқиға 17 наурызда облыс орталығының Жаңа Ғарышкер шағын ауданында орын алғаны анықталды. Сағат 17-00 шамасында қалалық полицияға 2009 жылы туған жасөспірімнің ата-анасы хабарласып, жарты сағатқа далаға ойнауға кеткен баласының әлі оралмағаны туралы айтқан. Ата-анасы алаңдаушылық танытқан соң, аталған үйдің ауласына патрульдік полицейлер жеткен. Баланы іздеу жұмыстарына сол аумақтағы жаяу патрульдер жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары алдымен сол аумақты және жақын маңды толық тексеріп шықты. Кейінірек жасөспірім үйіне жақын маңдағы 7 шағын ауданнан аман-есен табылды. Ол ойынның қызығымен жүріп, үйінен алыстап кеткеніне мән бермеген екен", – деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Қазіргі уақытта жалған ақпарат таратушыларды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Аталған тұлғалар қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Еске сала кетсек, Түркістанда коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан үш адам он жылға сотталуы мүмкін.

Осыған дейін 23 жастағы Өскемен тұрғыны маска сатып аламын деп алаяқтардың құрбаны болғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846140-ata-anasyna-ajyppl-salyndy-policia-zelide-taragan-habarlamaga-katysty-zauap-berdi.html