RU

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда коронавирус жұқтырудың тағы бір дерегі тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 36-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды

Көрнекі фото: pixabay.com

Науқастардың 18-і Алматыда болса, 18-і Нұр-Сұлтанда.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнгі сағат 00:00-де Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылады. Бұл вирустың Қазақстанның басқа да қалаларына таралуына жол бермес үшін жасалып жатыр.

Қала сыртында тұратын тұрғындар арнайы рұқсат қағазынсыз шаһар ішіне кіре алмайды. Ал рұқсат қағазын жергілікті әкімдіктер беруі тиіс.

Айта кетсек, бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов қазақстандықтарға Алматыға кіру және шығу үшін 72 сағат уақыт берілгенін айтты.

Сондай-ақ оңтүстік астананың полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек карантин кезінде адамдардың қала ішінде жүріп-тұруы үшін ешқандай шектеулер болмайтынын мәлімдеді.

Бұдан басқа, қала аумағында 27 бақылау өткізу пункті орнатылады, онда полицейлер мен дәрігерлер кезекшілік етеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды
Mailfire view pixel