RU

Ресейде коронавирус жұқтырғандарға арналған емхана салынбақ (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейде коронавирус жұқтырған науқастарға арналған емхана салынбақ. Емдеу мекемесінің құрылысын 1 айда аяқтау жоспарланып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресейде коронавирус жұқтырғандарға арналған емхана салынбақ (фото, видео)

mash.ru видеосынан кадрлар

Бұл туралы Mash Telegram арнасында белгілі болды.

Орталық 500-600 төсек-орынға арналған. Оның 250-і жансақтау бөлімі үшін жасалады. Құрылысы басталған мекемеде тіпті дәрігерлерге арналған спорттық алаңқай бар.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны бірден 114-тен 147-ге өскен.

Айта кетсек, Қытайдың Ухань қаласында коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухана 10 күнде салынып біткен еді.

Ал елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 36 адамға жетті. Науқастардың 18-і Алматыда, 18-і Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.

Бүгін түнгі сағат 00:00-де Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылады. Бұл вирустың Қазақстанның басқа да қалаларына таралуына жол бермес үшін жасалып жатыр.

Қала сыртында тұратын тұрғындар арнайы рұқсат қағазынсыз шаһар ішіне кіре алмайды. Ал рұқсат қағазын жергілікті әкімдіктер беруі тиіс.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов қазақстандықтарға Алматыға кіру және шығу үшін 72 сағат уақыт берілгенін айтты.

Сондай-ақ оңтүстік астананың полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек карантин кезінде адамдардың қала ішінде жүріп-тұруы үшін ешқандай шектеулер болмайтынын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейде коронавирус жұқтырғандарға арналған емхана салынбақ (фото, видео)
Mailfire view pixel