RU

Карантинге жабылатын Нұр-Сұлтанға кіру үшін қандай құжаттар талап етіледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордалық полиция департаменті 19 наурыз күні карантинге жабылатын Нұр-Сұлтанға кімнің кіре алатынын және ол үшін қандай құжаттардың қажет екенін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Карантинге жабылатын Нұр-Сұлтанға кіру үшін қандай құжаттар талап етіледі

Фото: KAZ.NUR.KZ

ПД басшысы Ержан Сәденовтың мәліметінше, бүгін түннен бастап елорданың шығу жолдары мен кіреберістерінде бөгеттер жұмыс істей бастайды - олар барлық көлік үшін карантиндік аймақтың қиылысын шектейді.

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанға тек осыған дейін шығып кеткен тұрғындар ғана кіре алады. Кіру құқығын растау үшін блок-бекетке куәлік көрсету керек.

Құжаттар бойынша тексерушілер адамның тіркелген жерін тексереді. Егер ол елордалық болса, қала ішіне кіреді.

Полиция қала тұрғындарын түсіністік танытуды және қызметкерлердің талаптарын ұстануды сұрайды.

Сондай-ақ, Сәденов Нұр-Сұлтанда бөгеттерді орналастыру орындарын атады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы 22 наурыз күні толығымен жабылады.

Сондай-ақ, оңтүстік астана басқа қалалармен әуе және темір жол хабарламасын тоқтатады.

Алматылықтарға Алматыға оралу үшін, ал басқа қала тұрғындары мен шетелдіктерге оңтүстік астанадан шығу үшін 72 сағат берілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карантинге жабылатын Нұр-Сұлтанға кіру үшін қандай құжаттар талап етіледі
Mailfire view pixel