RU

Алматы әкімінің орынбасары: Бізде өкпені жасанды желдету аппараттары жеткіліксіз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов өкпені жасанды желдету аппараттары жеткіліксіз екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы әкімінің орынбасары: Бізде өкпені жасанды желдету аппараттары жеткіліксіз

Көрнекі фото: pixabay.com

Қожағапанов өз сөзінде қиын сәтте қалаларға қол ұшын беріп демеу боп жатқан меценаттарды мысалға келтірді. Қазақстандық бизнесмендердің бірі денсаулық сақтау басқармасына 25 млн теңге көлемінде көмек берген. Орынбасардың айтуынша, бұл қаржы қазірдің өзінде жеткілісіз экспресс-тесттер мен ӨЖЖ аппараттарын сатып алуға жұмсалады.

Бүгінгі брифинг кезінде Ерлан Қожағапанов Алматыға қайтып келем деушілер мен өзге аймаққа немесе мемлекетке барам деушілердің үш тәулік, яғни 72 сағат уақыты бар екенін мәлімдеді. Алдағы ретте қаладан шығар әуе және теміржолды қоса алғанда, барлық жол жабық болады, қала төңірігінде 27 блок бекет орнатылды.

Осы арада қала ішінде жүріп-тұруға ешқандай шектеу қойылмайды, алайда әкімдік тұрғындарға қажеттілік болмаса үйден шықпауға кеңес берді.

Еске сала кетсек, Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды.

Бүгін түнгі сағат 00:00-де Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылады. Бұл вирустың Қазақстанның басқа да қалаларына таралуына жол бермес үшін жасалып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы әкімінің орынбасары: Бізде өкпені жасанды желдету аппараттары жеткіліксіз
Mailfire view pixel