RU

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 200 мыңға жетті

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемдегі CОVID -19-ды жұқтырғандар саны бүкіл әлемде 200 мың адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 200 мыңға жетті
Фото: Fariq Faraj Mahmood/Anadolu Agency via Getty Images: Getty Images

BNO News статистикасы көрсеткендей, коронавируспен ауыратын науқастардың саны әлемде 200 мыңға дейін өсті. 8 мың адам инфекциядан қайтыс болды, 82 мың адам сауығып кетті.

Еуропада ауырғандардың қарқынды өсуіне қарамастан, Қытай әлі де ауру жағдайлары бойынша көшбасшы болып қала береді.

ҚХР-да COVID-19 ошағы шыққан сәттен бастап барлығы 80 894 жұқтырғандар анықталып, 69 601 адам инфекциядан емделді.

COVID-19-бен нақты ауырғандардың саны бойынша әлемнің барлық елдерін Италия басып озады. Мұнда ауру жұқтырудың барлығы 31 506 жағдайы тіркелді, 2 941 адам сауығып кетті. Одан кейінгі кезекте Иран мен Испания тұр. Ондағы көрсеткіштер Италиямен шамалас.

Еске сала кетсек, Түркістанда коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан үш адам он жылға сотталуы мүмкін.

Осыған дейін 23 жастағы Өскемен тұрғыны маска сатып аламын деп алаяқтардың құрбаны болғанын жазған едік.

Айта кетейік, Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды.

Бүгін түнгі сағат 00:00-де Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылады. Бұл вирустың Қазақстанның басқа да қалаларына таралуына жол бермес үшін жасалып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846168-lemde-koronavirus-zktyrgandardy-sany-200-myga-zetti.html