RU

Коронавирус пандемиясына байланысты "Eurovision-2020" байқауы өтпейтін болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Eurovision" ұйымдастырушылары биыл коронавирус пандемиясына байланысты байқау өтпейтінін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Евровидение" байқауы коронавирустың салдарынан өтпейтін болды

Көрнекі фото: pixabay.com

"Еуропалық хабар тарату одағы іс-шараны өткізу мүмкін емес деген күрделі шешім қабылдады", - делінген Twitter желісіндегі мәлімдемеде.

Осылайша, "Eurovision" командасы конкурсты ұйымдастырудың балама нұсқаларын қарастырып, нәтижесінде оны мүлде өткізбеуді жөн көрген.

Ән байқауы 12-16 мамыр аралығында Роттердамда болуы керек еді. Өткен жылы Дункан Лоуренстың жеңісінен кейін конкурсты өткізуге Нидерланды мемлекеті мүмкіндік алған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы 22 наурыз күні толығымен жабылады. Сондай-ақ, оңтүстік астана басқа қалалармен әуе және темір жол хабарламасын тоқтатады.

Алматылықтарға Алматыға оралу үшін, ал басқа қала тұрғындары мен шетелдіктерге оңтүстік астанадан шығу үшін 72 сағат берілді.

Коронавирус қатері артқан шақта Түркістанда жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірген үш адам он жылға сотталуы мүмкін.

Осыған дейін 23 жастағы Өскемен тұрғыны маска сатып аламын деп алаяқтардың құрбаны болғанын да жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус пандемиясына байланысты "Eurovision-2020" байқауы өтпейтін болды
Mailfire view pixel