Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалық жасөспірім анасынан коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауру жұқтырған 18 адамның арасында жасөспірім бар екенін және оның елордадағы ересек емес жалғыз адам екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтандық жасөспірім анасынан коронавирус жұқтырды
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Сәуле Кисикова атап өткендей, жұқтырғандардың бірі - 14 жастағы жасөспірім.

Коронавирусты инфекцияны ол өз анасынан жұқтырды. Оның анасы Германиядан келген.

Екі науқастың денсаулық жағдайы қанағаттандырарлық және жоғары дене қызуы жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, коронавируспен ауыратын науқастардың көпшілігі елордада 30- дан 49 жасқа дейінгі адамдар.

Қазақстандағы науқастардың жалпы саны қазір - 36. Науқастардың жартысы Нұр-Сұлтанда, екінші жартысы Алматыда. Бірнеше сағаттан кейін екі қала карантинге жабылады.

Еске сала кетсек, Түркістанда коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан үш адам он жылға сотталуы мүмкін.

Осыған дейін 23 жастағы Өскемен тұрғыны маска сатып аламын деп алаяқтардың құрбаны болғанын жазған едік.

Бүгін түнгі сағат 00:00-де Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылады. Бұл вирустың Қазақстанның басқа да қалаларына таралуына жол бермес үшін жасалып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846180-nr-sltandyk-zasspirim-anasynan-koronavirus-zktyrdy/

pixel