Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда екі науқас коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасының басшысы коронавирус жұқтырған екі науқас туралы мәлімдеді. Олардың ауруы елордада анықталды. Екеуі де коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда екі науқас коронавирус жұқтырды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Нұр-Cұлтанда коронавируспен ауыратын науқастар туралы соңғы мәліметтер денсаулық сақтау басқармасынан келіп түсті.

Осы сағатта олардың саны 18 -ге жетті. Біз басқарма басшысы Сәуле Кисиковадан жақында екі қазақстандықтың инфекцияны қалай жұқтырғанын айтып беруін өтіндік.

Олардың екеуі де вирус жұқтырғандармен байланыста болған. Олар ауру жұқтырған елдерден келген адамдармен араласқан. Дәрігерлер оларға қосымша тексеру тағайындады -сынамалар оң нәтиже берді.

Қазір барлық 18 адам Нұр-Сұлтан ауруханасында жатыр. Олардың жағдайы қанағаттанарлық және дене қызу жоғары емес екені белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауру жұқтырған 18 адамның арасында жасөспірім бар екенін және оның елордадағы ересек емес жалғыз адам екенін хабарлады.

Бүгін түнгі сағат 00:00-де Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылады. Бұл вирустың Қазақстанның басқа да қалаларына таралуына жол бермес үшін жасалып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846182-nr-sltanda-eki-naukas-koronavirus-zktyrdy/

pixel