RU

Алматыдағы барахолка карантинге жабылады

Алматыда барахолкадағы сауда орталықтар карантинге жабылады. Дегенмен, кейбір сауда компаниялары өз жұмысын жалғастырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Cолка жаңа
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Sputnik Қазақстан мәліметінше, карантин енгізу мәселесі алматылық барахолкаға да жетті. "Адем", "Ялян" және "Еуразия" орталықтары өз жұмысын 15 сәуірге дейін тоқтатады.

Дегенмен, "Адем" СО-дағы "Магнум" желісінің дүкені өз жұмысын жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қалада барлық супермаркеттер, дүкендер мен азық- түлік базарлары 10:00- ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтіні хабарланған. Мұндай режим төтенше жағдай кезінде орнайды.

Бұған дейін хабарланғандай, төтенше жағдай кезінде көкөністер мен жемістерден басқа барлық азық- түлік өнімдері қаптамада сатылады.

Айта кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

Оған сәйкес елімізде ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынған.

Кеше Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оңтүстік астанадағы науқастардың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846213-almatyda-baraholka-karantinge-zabylady.html