RU

Италияда бір тәулікте коронавирустан 475 адам қайтыс болды

Италияда соңғы тәулікте коронавирустың жаңа типінен туындаған ауру салдарынан 475 адам көз жұмды. Бұл туралы 18 наурыз күні Worldometer сайтында хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ centralasia.media-ға сілтеме жасап.

Италияда бір тәулікте коронавирустан 475 адам қайтыс болды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұл - елдегі инфекция ошағы басталған сәттен бастап 24 сағат ішінде болған өлім- жітімнің ең жоғары көрсеткіші. Елде осыған дейін барлығы 3000-ға жуық адам көз жұмды. Бұл көрсеткіш Қытайдағы 3200 өлім дерегіне жақындап келеді.

Бір тәулік ішінде Италияда 4207 коронавирусты жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелген және бұл сан барлық алдыңғы көрсеткіштерден асып түседі.

Ауырғандардың ең көп саны анықталған елдердің бестігіне Қытай (80,8 мыңнан астам адам), Италия (31,5 мыңнан астам адам), Иран (16,1 мыңнан астам адам), Испания (11,8 мыңнан астам адам ) және Германия (9,8 мыңнан астам адам ) кіреді. Оңтүстік Кореяда (8,4 мыңнан астам), АҚШ-та (6,5 мыңнан астам) және Францияда (7,7 мыңнан астам) бар.

Жалпы коронавирус 167 мемлекетте анықталған.

Қазіргі уақытта 82,8 мың адам сауығып кетті. 8010 адам вирустан туындаған аурулардан немесе асқынулардан қайтыс болды.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты "Eurovision-2020" байқауы өтпейтін болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846215-italiada-bir-tulikte-koronavirustan-475-adam-kajtys-boldy.html