Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бельгияда тұрғындар ақ халаттыларға ерекше алғыс білдірді

Опубликовано:

Кеше Бельгияның Брюссель қаласында тұрғындар коронавируспен күресіп жатқан медициналық қызметкерлерге ерекше құрмет көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ segodnya.ua-ға сілтеме жасап.

бельгидя
Фото: segodnya.ua: Instagram

Брюссель қаласының басшысы Руди Верворт әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды дәрігерлердің жұмысын бағалауға, олардың ерен еңбегін ескеруге шақырған.

Осылайша, кеше, кешкі сағат 20:00-де тұрғындар үйлердің ашық терезелері мен балкондарынан қол шапалақтау арқылы коронавируспен күресіп жатқан медициналық қызметкерлерге алғыстарын білдірген.

Ақ халаттыларға алғыс айту флешмобы Бельгиядан бөлек, Франция мен Нидерландыда да басталған.

Еске сала кетейік, түнгі 00:00-ден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин енгізіліп, екі мегаполис те жабылды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846217-belgiada-trgyndar-ak-halattylarga-erekse-algys-bildirdi/

pixel