RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 37-ге жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда коронавирус жұқтырудың тағы бір дерегі тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 37- ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

2020 жылдың 19 наурыз күні сағат 08:00-де Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы бір жағдайы тіркелді. Вирусты жұқтырған адам Алматыдан анықталды.

Кезекті науқас - 1979 жылы туған Ресей азаматы. Ол елге Мәскеу-Алматы рейсімен 15 наурыз күні келген. Қазіргі уақытта стационарда карантинде жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық.

Осылайша, бүгінгі күні елімізде COVID-19 жұқтырудың 37 жағдайы расталды.

Естеріңізге сала кетейік, елордалық жасөспірімнің анасынан коронавирус жұқтырғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Италияда соңғы тәулікте коронавирустың жаңа типінен туындаған ауру салдарынан 475 адам көз жұмды.

Жалпы коронавирус 167 мемлекетте анықталған.

Қазіргі уақытта 82,8 мың адам сауығып кетті. 8010 адам вирустан туындаған аурулардан немесе асқынулардан қайтыс болды.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты "Eurovision-2020" байқауы өтпейтін болды.

Сондай-ақ, 19 наурыз күні түн ортасында Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимі жұмыс істей бастады. Қаланың кіру және шығу бөлігі жабылды. Көшелерді әскерилер күзетуде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 37-ге жетті
Mailfire view pixel