RU

Алматыда карантинге жабылған үй тұрғындарының жұмыс орны сақталынбақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда коронавирус анықталған "Сұңқар" ТК тұрғындары өзінің заңды жұмыс орындарын сақтап қалады. 15 күнге көпшіліктен оқшауланған азаматтарға денсаулығына байланысты демалыс беріліп, заңды түрде төленетін болады. Инфекцияны таратушылар тұратын барлық пәтерлер бұғатталып, тұрғын үй аумағында дезинфекция шаралары жүргізілмек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: krisha.kz, КТК, zakon.kz

Фото: krisha.kz, КТК, zakon.kz

Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасына төтенше жағдай енгізу" тапсырмасын орындауға байланысты коронавирустық инфекцияның тарауына қарсы күреске бағытталған өңірлік штаб шешімі мен Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен қала аумағына тұрғындардың өмірі, жұмысы мен шаруашылығының ерекше жағдайлары қарастырылған карантин режимі енгізілді.

Күні кеше оңтүстік астанадағы Зенков көшесінің бойындағы тұрғын үйден вирус жұқтырған адам анықталды. Бүгінде ол арнайы боксқа жатқызылған. Ал аталмыш үйде тұратын өзге тұрғындардың барлығы елден оқшауланып, 15 күнге карантинге жабылды.

Алайда, олардың барлығы дерлік өз жұмыс орындарын сақтап қалады. Одан бөлек, жекеменшік мекемелер COVID-2019 вирусын жұқтырған адаммен байланыста болған қызметкерінің карантинде жатқан уақытына денсаулығына байланысты демалыс беріп, ақысын төлеп береді.

"Сұңқар" ТК аумағында органикалық шаралар өткізу кезінде биологиялық қауіпсіздік режимі қамтамасыз етіледі. Іске қосылған қалалық қызметтің өкілдері жеке қорғаныс заттарымен қамтылып, блок-бекеттерінде оларға жеке тазалық жағдайлар жасалынбақ.

Қазақстан аумағында үй карантині режимін бұзған азаматтар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.

Қала билігі алматылықтарға төтенше жағдай режимін ұстанып, қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпауға кеңес берді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда коронавирусқа байланысты бір тұрғын үй кешені тұтас карантинге жабылған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда карантинге жабылған үй тұрғындарының жұмыс орны сақталынбақ
Mailfire view pixel