RU

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны тоғыз мыңнан асып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америка құрама штаттарында COVID-2019 вирусын жұқтырып алғандардың саны тоғыз мыңнан асып кетті. Бұл туралы федералды және жергілікті статистикаға есептеу жұмыстарын жүргізген Джонс Хопкинс университеті мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: The Asahi Shimbun/Getty Images

Фото: The Asahi Shimbun/Getty Images

Университет өкілдерінің мәліметтерінше, бұгінде АҚШ-та 9345 коронавирус дерегі тіркеліп, 150 адам инфекциядан қаза тапты.

Осылайша, вирус жұқтырып алғандар мен көз жұмғандардың саны соңғы екі күнде екі есеге өсіп кетті.

Айта кетейік, Италияда соңғы тәулікте коронавирустың жаңа типінен туындаған ауру салдарынан 475 адам көз жұмды. Бұл - елдегі инфекция ошағы басталған сәттен бастап 24 сағат ішінде болған өлім- жітімнің ең жоғары көрсеткіші. Елде осыған дейін барлығы 3000-ға жуық адам көз жұмды. Бұл көрсеткіш Қытайдағы 3200 өлім дерегіне жақындап келеді.

Жалпы коронавирус 167 мемлекетте анықталған.

Қазіргі уақытта 82,8 мың адам сауығып кетті. 8010 адам вирустан туындаған аурулардан немесе асқынулардан қайтыс болды.

Қазіргі таңда Қазақстанда инфекция 37 адамнан анықталды. Олардың 18-і Нұр-Сұлтанда, 19-ы Алматыда тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны тоғыз мыңнан асып кетті
Mailfire view pixel